Шерзат Полат ісі: Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттары бойынша сараптама жарияланды

Фотоколлаж фото на taspanews.kz от 28 мая 2025 14:31
Фото: Фотоколлаж

2025 жылы 28 мамыр күні Талдықорғандағы сот отырысында Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың дене жарақаттарының сараптамасы жарияланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Сараптама бойынша оның сол көзі мен оң құлағы қанталаған. Белінде 15 см тері сыдырылып, жараға айналған. Оң жақ жамбасында 1,2 см қиғаш тік жара анықталды. Сот отырысы жалғасуда.


Еске салсақ, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында төбелестің нәтижесінде кәмелетке толмаған Шерзат Полат қаза тапты. Кейінірек сот отырыстарына аз уақыт қалғанда оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол жұмсады. Ал отбасының үйі жанып кетті. Бұл істе қазақстандықтар әділдікті талап етуде.


Следите за новостями Taspanews