Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляцияға өтініш берді
Фото: instagram/justice_for_sherzat
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейрман Шекеев келтірген мәліметке сай, сотталғандардың көбісі апелляциялық шағым түсірген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қорғаушының жеке парақшасына сілтеме жасап.
Шағым берушілердің қатарына тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қосылмады.
Мәліметке сай, сотталушылар сот үкімінің көшірмесін 21 маусым күні қолдарына алған. Осы күннен бастап оларда судьяның шешіміне шағымдануға 15 күн болған. Істі қарау мерзімі туралы сот қосымша хабарлайтын болады.