Шерзат Полат ісі бойынша сотта мемлекеттік айыптаушыны ауыстыру бойынша өтініш қаралуда
2025 жылы 10 мамырда Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот жалғасын тапты. Бұзақылық бойынша айыпталған Д.А. жауабын тыңдау барысында сот қатысушылары прокурорға қарсылық білдіре бастады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
Айыпталушы жақтың қорғаушылары прокурордың қысым көрсетіп жатқанын, дауыс көтеріп, эмоцияға берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, прокурор заңды танылған куәгер бейнежазбасын заңсыз көрді деген ойларын алға тартты.
Қарсы өтініш берушілердің бірі прокурордың іс материалдарын дұрыс зерделегеніне күмән келтірді. Сонымен қатар, сот қатысушыларының бірі оны жәбірленуші жақпен сот отырысынан тыс кезде сөйлескен кезін атап өтті. Өтінішке қолдау білдіргендердің бірі прокурор бейтарап болу керегі, жәбірленушілердің ғана мүддесін ойламауы керегін айтты.
Бұл сөздермен тек жәбірленуші жақ өкілдері келіспеді. Олар соттан тыс уақытта онымен іске қатысы жоқ тақырыптар бойынша әңгімелескенін және су әпергенін ғана түсіндірді. Одан бөлек, айтылған негіздер Қылмыстық Кодексте келтірілген прокурорды ауыстыру себептеріне жатпайтынын жеткізді.
Өз кезегінде прокурор оны ауыстыру бойынша айтылған негіздердің бәріне қарсы екенін білдірді. Ол прокурорға қарсылық білдіру ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 87-88 бабтарында көрсетілгенін ескерді. Барлық қорғаушылардың айтқан уәждері негізсіз екенін атап, бабта көрсетілмегеніне нұсқады.
«Жәбірленуші тарап өкілдері келді, бірақ 4-5 секунд қана тұрды, сұрақтарын аяқтап үлгермеді. Мен оларға жауап беріп үлгермедім. Мен олардың іс-әрекеттеріне жауап бермеймін ғой. Сосын, видео заңдылығына күмән келтірмедім. Тек жедел уәкілдің іс-әрекетін ғана сұрадым. Нақты заңға сәйкес пе, емес пе деп. Төртіншіден, егер де мен қылмыстық істі зерделемесем, мен айыпты қалай қорытып, отырмын, айтыңызшы?»,
Сонымен қатар, ол сонда отырғандар оның эмоциялық күйін қалай бағалағанын түсіне алмады.
Одан бөлек, жәбірленуші жағына бейім дегенге келесіні айтты:
«Айыптау тарапы дедім, себебі жәбірленушілер де айыптау тарапына жатады деген мағынада»,
Прокурор аталған өтініштегі негіздерді қанағаттандырмауды сұрады.
Сот шешім шығару үшін кеңес бөлмесіне шығып кетті.