Шерзат Полат ісі бойынша прокурорды ауыстыру туралы өтінішхат қанағаттандырылмады

Фото: ҚР Жоғарғы Соты

2025 жылы 6 мамырда, Талдықорған қаласында Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы жүруде. Судья прокурорға қарсылық білдіру туралы өтінішхаттың қанағаттандырылмағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.


Іс бойынша судья Жанұзақов қорғаушының мемлекеттік айыптаушыға қарсылық білдіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырудан бас тартылғанын айтты.


Бас тартуға себеп болған негіздер ретінде келесі келтірілді:


«ҚР Қылмыстық кодексінің 87-88 бабтарында нақты қандай жағдайда мемлекеттік айыптаушы іске қатыса алмайтыны көрсетілген. Мұндай жағдайлар анықталған жоқ. Істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы осыған дейінгі қабылданған шешімдермен байланысты емес, ол өзі сотқа қатысып отырған кезде дәлелдемелерді өз еркімен заңсыз деп тануға құқылы. Ал басқа мән-жайлар бойынша мемлекеттік айыптаушының тікелей немесе жанама қатысы анықталып тұрған жоқ», – деді судья.

Сот отырысы жалғасты. Сотталушы Б. Ә. қайта сұрала бастады. Көп ұзамай, үзіліс жарияланды.