Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Фото: instagram/justice_for_sherzat
2025 жылы 17 сәуір күні сағат 10:00-де Шерзат Полат ісі бойынша басты сот отырысы басталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Жоғарғы Соттың ресми арнасының тікелей эфирінде сот ашық түрде өтуде. Айыпталушылардың қатарында 9 адам.
Оның екеуі адам өлтіргені, қалғандары бұзақылық пен қылмыс туралы хабарламау бойынша айыпталуда.
Қазіргі таңда айыпталушылар сұралуда. Судья – Ержан Жанұзақов.
Айыпталушылар сот алқасынан бас тартты.