Шерзат Полат ісі бойынша басты айыпталушының сөзі тыңдалуда

t.me/Jogargy_sot/ фото на taspanews.kz от 21 мая 2025 11:16
Фото: t.me/Jogargy_sot/

2025 жылдың 21 мамырында Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуына қатысты кезекті сот отырысы өтуде. Сот отырысы сағат 10:00-да басталды. Қазақстанның Жоғарғы соты процесті барлығы бақылай алуы үшін сот залынан тікелей эфир жүргізуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Басты айыпталушы А. Ш. берген жауабына ерекше назар аударылды.


Оған бұзақылық мақсатта және кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған аса қатыгездікпен кісі өлтірді (ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтары) деген айып тағылмақ. Сонымен қатар, ол суық қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі) бойынша айыпталуда.


Айыпталушылардың қатарында тоғыз адам, оның ішінде – кәмелетке толмаған бала бар.


Шынасылдан басқа, басқа сотталушылар С., Т. А., Ә., Б., И., Т. Н., Қ. және кәмелетке толмаған Ы.- кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және қылмыс туралы хабарламау бойынша айыпталуда


Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Алматы облысының Талғар қаласында топтық төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болды.


Следите за новостями Taspanews