Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушылар алқа билер сотынан бас тартты

instagram/justice_for_sherzat фото на taspanews.kz от 10 апреля 2025 15:06
Фото: instagram/justice_for_sherzat

2025 жылы 10 сәуірде, Талдықорған қаласында Шерзат Полат ісі бойынша ашық түрде алдын ала тыңдау өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Екі айыпталушы алқа билер сотынан бас тартты. Ендігі кезекте іс судьяның ғана қарамағында.


Іс бойынша 9 айыпталушы бар. Оның екеуі ғана адамды қаза ету бойынша күдікті. Қалғандары бұзақылық пен қылмыс туралы хабарламау бойынша күдікті.


Алдын ала тыңдау Талдықорғанда өтті. Бұған себеп – күдіктілердің негізгі бөлігі осында.


Сот отырысы ашық түрде өтеді. Уақыты 2025 жылы 17 сәуір, сағат 10:00-ге белгіленді.


Еске салсақ, 2024 жылдың күзінде, 4-5 қазан түнінде Шерзат Полат бөтеннің қолынан қаза тапты. Бұл іс ел ішінде резонанс туғызды.


Сол жылы, қазанның 12-сі күні үйлері өртеніп кеткенде, жәбірленушінің отбасы тағы да күйзеліске ұшырады. Қылмыс орнынан канистрлер мен қолғаптар табылды, алайда полиция күдіктілерді атап көрсете алмады.


2024 жылдың желтоқсанында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев қаза тапқан күйінде табылды. Ресми нұсқа бойынша өзіне қол жұмсап, хат қалдырған.


Кейіннен Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Следите за новостями Taspanews