Шерзат Полат ісі: айыптаушыларға қанша жыл жаза өтеу тағайындалуы мүмкін?

Фото: instagram/justice_for_sherzat
2025 жылы 2 маусым күні Талдықорған қаласында сот өтуде. Онда мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай айыпталушыларға қанша жыл жаза тағайындалатыны жайлы ұсыныс жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Іс бойынша басты күдіктіні адамды қаза еткені, бұзақылық пен оқталу бойынша 23 жылға, келесі күдіктіні адамды қаза етуге оқталу мен бұзақылық бойынша 20 жылға және келесі 6 күдіктіні бұзақылық үшін 7, 9 немесе 15 жылға, ал кәмелетке жетпегенді қылмыс туралы хабар бермегені үшін 1,5 жылға жазалау ұсынылды.
Әзірге судья қорытынды шешім шығармады. Сот отырысы тікелей эфирде Жоғарғы Сот YouTube арнасында өткізілуде.