Шерзат Полат ісі: айыпталушы үйқамақтан қашып кеткен
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты қаза ету ісі бойынша сот жалғасуда. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Айыпталушылардың бірі – А. Т.. Ол жақында оқиға болған түні үйқамақ шартын бұзып, үйден шығып кеткенін мойындады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
А.- ның айтуынша, бұған дейін ол басқа іс бойынша полиция назарына іліккен және екі ай уақытша ұстау изоляторында отырған. Сол істің жәбірленушісі шағымын қайтарып алған соң, оны үйқамаққа босатқан. Алайда, тыйымға қарамастан, ол Шерзат қаза тапқан түні үйден шыққан. Айтуынша, бұл – оның үлкен қателігі.
«Мен мүлде шықпауым керек еді, бұл – заң бұзушылық. Алайда, мен сырқаттанып қалған едім, үйде кішкентай ұлым бар, сыртқа шығуға мәжбүр болдым. Не істегенімді түсініп отырмын – бұл дұрыс емес болды»,
Сот залында айыпталушы шынайы болуға тырысқаны байқалды, алайда өткен істер жайлы айтуға дайын емес екенін көрсетті. Судья оның басқа істер бойынша үндемеу құқығын растады.
Егер сот оның заң бұзушылығын растаса, бұл айыпталушының тағдырына және сот ісінің барысына елеулі әсер етуі мүмкін. Мұндай бұзушылық көбінесе жасырынуға немесе тергеуге кедергі келтіруге тырысу ретінде қарастырылады.
Айта кетсек, өткен сот отырысында А.-ның бауыры – Н. сотта сөйлеп, оған қысым жасалғанын, мойындату үшін азапталғанын айтқан еді. Бұл тергеудің объективтілігіне қатысты көптеген сұрақтар туындатқан.