Шекарада жаңа тәртіптің енгізілуі көлік кептелісіне себеп болды

Фото: ҚР ТЖМ
Мартөк ауданындағы «Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктері жиналып қалған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Кептеліске шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану туралы жаңа тәртіптің енгізілуі себеп болған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары мен әскери қызметшілер жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырды. Ыстық тамақ, ауыз су беріп, медициналық көмек көрсетті. Санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілді.
Жағдайды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда.