Шегірткелердің бақылаусыз таралып кетуі жайы ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады

Pexels фото на taspanews.kz от 28 мая 2025 09:03
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке зиянкестерінің ел бойынша жаппай тарап кетуі жайлы тексеруден өтпеген материалдарды жариялаудан және әдейі жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Ресми мәліметке сай, 2025 жылы зиянкестердің таралу көлемі 2,1 млн гектарға дейін жетуі мүмкін. Қазіргі таңда 14 өңірде 596,3 мың гектар алқапты өңдеу жүргізілуде.


Іс-шарада 443 арнайы бүрку техникасы пайдаланылады. 4 625 маман жұмылдырылған.


«Жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде жүргізілуде. Оларды Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, сондай-ақ өңірлерде құрылған жедел штабтар бақылауда ұстап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке бақылауына алған», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде шегірткелердің таралуы бақылауда екені түсіндіріледі. Жалған ақпарат шынайы жағдайға және зиянкестердің даму сатысына сәйкес келмейтіні айтылады.


Следите за новостями Taspanews