Шампурмен адамды қаза ету ісінде мектеп директоры жұмыстан шығарылмайтын болды

Фото: Gov.kz

Еске салсақ, 24 мамыр күні он бірінші сынып оқушылары жалға алынған үйде мектеп бітіру кешін атап өткен. Сол кезде бір түлек екіншісін шампурмен қаза еткен, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Осы оқиғадан кейін мектеп директоры жұмыстан босатылып, бірқатар мұғалімдерге тәртіптік жаза қолданылған еді.


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, мектептен тыс жерде болған оқиға үшін мұғалімдер емес, ата-аналар жауапты болуы тиіс екенін айтты.


«Мен қоңырау шалып, жұмыстан босатуға тыйым салдым. Мектеп директоры мен сынып жетекшісін қорғау керек болды. Олар өз міндеттерін толық орындады: ата-аналардыескертті, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Оқу бітіру кеші мұғалімдердің қатысуынсыз, ата-аналардың бастамасымен өтті. Сондықтан бұл жерде ата-аналаржауапқа тартылуы керек»,   – деді министр.