Сенатта сотталғандарға рақымшылық жасау жайлы заң қабылданды

Фото: Pexels

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң Сенатпен қабылданды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Сенатқа сілтеме жасап.


Қылмыстық саясатты жұмсартуға бағытталған заң бойынша жеңілдікті кім алады:


Рақымшылық қылмыстық құқық бұзушылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар, залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған, әлеуметтік жағынан осал адамдар тобына қатысты жасалады.


Рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да ауыр қылмыс бойынша сотталғандарға қолданылмайды.