Сенат депутаттары салық кодексіне жеңілдіктер енгізуді ұсынды
Сенат депутаттары салық кодексі бизнес пен халыққа ауыр тимеу үшін маңызды жеңілдіктер енгізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Атап айтқанда фермерлер үшін прогресивті салық – табысы 230 000 АЕК-тен асатындарға 15% мөлшерлеме қарастырылды.
KASE-дегі дивидендтерге ЖТС бойынша жеңілдік (АХҚО тәрізді) – төлем карталарымен операциялар қосылған құн салығынсыз жүреді. Бұл жүйедегі ақауларды болғызбайды және төлем қызметтері қымбаттамайды.
Сән-салтанат заттарына акциз (автокөлік, кеме, ұшақ – ел ішінде сатылғанда да салынатын болады)
Мемлекеттік облигациялармен операциялар бойынша шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік сақталады.
Құрамында 10 және одан да көп мүгедектігі бар қызметкері бар кәсіпорындар ҚҚС-тан босатылады. Отандық баспа басылымдарына қосылған құн салығы тек 10% құрайды.
Қайтарымсыз негізде берілген мүлік шаруа қожалықтары үшін салық салынбайтын табыс болып есептелмейді.
Сенаторлар осы түзетулерді қосып, кодекс пен оған қатысты заңды Мәжіліске қайтарды.