Семейде жол апатынан велосипедші қаза болды

Абай облысы ПД фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 16:52
Фото: Абай облысы ПД

2025 жылы сағат 15:10 шамасында Семей қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші қаза тапты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Абай облысы ПД сілтеме жасап.


Алдын ала мәліметке сай, «КАМАЗ» жүргізушісі Папанин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне бұрылған кезінде велосипедшімен соқтығысты. Велосипед тізгінінде отырған ер адам сол жерде қаза тапты.


Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келді.


«Аталған факті бойынша көлік құралын басқару ережелерін бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген облыстық ПД ресми хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews