Семейде полиция алаяқпен болған әңгімені жазып алған

Фото: Freepik
Семей қаласының тұрғындары алаяқтың қармағына түсіп қала жаздаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Алаяқ зейнеткерді алдамақ болып, телефон арқылы хабарласқаны белгілі. Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған.
Үйдегі әйел енесінің күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, полицияға хабарласты. Полиция департаменті қызметкері қарт адамға полиция ешқашан телефон арқылы ақша сұрамайтынын, банк шоты жайлы деректерді талап етпейтінін айтқан.
Алаяқпен жүргізілген әңгіме бейнекамераға жазылып алынды.
«Отбасының келісімімен видео #ЖүздерінЖаттапАл хэштегімен жарияланып, алдын алу мақсатында пайдаланылады. Зейнеткердің келіні мен полицейдің қырағылығының арқасында тұрғынның атына рәсімделген 10 миллион теңге дер кезінде бұғатталып, алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмады»,