Семейде мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қайта тәулік бойы қолжетімді болады

Gov.kz фото на taspanews.kz от 16 июня 2025 15:28
Фото: Gov.kz

Абай облысы, Семей қаласы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


«Инватакси» қызметін көрсетуде талаптар сақталмаған. Мердігер ұйым тасымалдауды мереке , демалыс күндерін қоса алғанда тәулік бойы емес, тек 07:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырған.


Осылайша, мүмкіндігі шектеулі адамдар көлік қызметін қажет кезде қолдана алмады.


Семей қаласы прокуратурасы 714 азаматтың құқығын қалпына келтірді. Жергілікті атқарушы орган жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


«Прокуратураның араласуынан кейін мердігермен жасалған шарт Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта «инватакси» қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз көрсетіледі», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews