Семейде көше саудасында құқық бұзушылықтар анықталды

Фото: Pexels
Семейде арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы рұқсатсыз көше саудасының алдын алу мен жолын кесу бойынша рейд жүргізді – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы ПД сілтеме жасап.
Кәсіпкерлердің кейбірі абаттандыру қағидаттарын ұстанбай, санитарлық талаптарды бұзғаны анықталды. Одан бөлек, сауда орындарына арнайы көзделмеген жерлерде орналасқан саудагерлер болды.
Құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Материалдар уәкілетті органдарға жолданды.