Сайран су қоймасын жаңғыртудың соңғы кезеңі жүруде

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 02 июня 2025 09:56
Фото: Уикипедия, Сайран қайта жаңғыртуға дейін

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алматының қайта жаңғыртылып жатқан аумағы – Сайран су қоймасындағы жұмыстардың соңғы кезеңімен танысты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Нысанның 90 %-дан астам жұмысы аяқталды. Маңызды инженерлік, құрылыс әрекеттер жүзеге асырылды. Көгалдандыру жүргізіліп, сәулет нысандары орнатылуда.


Жоба аясында 12 мың текше метр асфальт төселді. Аумақта 50 бейнебақылау камерасы орнатылып, жедел хабарлау жүйесі енгізілді. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылып, жағажайға 6,5 мың тонна құм жеткізілді. Сонымен қатар, құтқару станциялары, полиция пункттері, қоғамдық дәретханалар салынды.


Одан бөлек, скейтпарк пен велопарк, футбол және волейбол алаңдары, балалар қалашығы, итпен серуендеуге арналған алаң қарастырылды.


 қала әкімдігі, Сайран қайта жаңғыртудан кейін фото на taspanews.kz от 02 июня 2025 09:56
Фото: қала әкімдігі, Сайран қайта жаңғыртудан кейін

Осыған дейін көріктендіру жұмыстары соңғы рет 1988-1989 жылдары жүргізілген. Ал қайта жаңғырту 2023 жылы басталды.


Следите за новостями Taspanews