Сайран көлінде демалушыларға 19,5 мың теңге айыппұл салына бастады

Фото: Алматы әкімдігі
Сайран көлі жаңғыртудан кейін ресми түрде ашылған жоқ, алайда жағалау қазірдің өзінде қоқысқа толып кеткен, – деп хабарлайды KazTaspa.kz КТК сілтеме жасап.
Қалдықтар тіпті судың ішінен де көрінеді. Видеода – Күдайберген Сабыр, ол достарымен бірге күн сайын көлді тазартады және бұл туралы интернетте бөлісіп отырады. Ол осылайша қала тұрғындарына арттарынан тазалап жүру керектігін жеткізгісі келетінін айтады.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды тазаланбаған қоқыс үшін қалалық қызметтерге сөгіс жасады. Ол қалдықтарды қысқа мерзімде шығаруды тапсырды.
Полицейлер рейдке шыға бастады. Бастапқыда түсіндіру жұмыстарын жүргізген, ал кейін қоқыс пен ластау бойынша жазалай бастады. 20 адамға айыппұл салынды. Әрқайсысы 19 500 теңге төлеуге мәжбүр болады.
КТК