Саран қаласы тұрақты түрде дамып келеді

Фото: Яндекс
Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр қалада 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 6 жоба жүзеге асырылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде қала өз бюджетімен жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік алды.
Осылайша, су желілері 100 %-ға ауыстырылып, кәріз жүйелері жаңартылуда. Сонымен қатар, қала орталық жылу көзіне қосылды.