Рудный қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен ер адам шыға алмай қалған

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 04 июня 2025 13:56
Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысы Рудный қаласында В. Чкалов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің шатырында өрт тұтанған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, өрт ошағына көтерілді. Құрылған газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны тыныс алу аппараттарымен үйге кіріп, зардап шеккендерді іздеген. Нәтижесінде, 1959 жылы туған ер адам табылды. Ол есін білгенімен, бөлмесінен шыға алмаған.


Ер адам сыртқа шығарылды. Медициналық көмекті талап етпеді.


Өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.


Следите за новостями Taspanews