Риддер қаласындағы жылу мәселесі: ЖЭО жабдықтарының тозу деңгейі төмендеді

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Риддер қаласында жылу электр орталықтарындағы жабдықтардың тозу деңгейі 46 %-ға төмендетілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Үкіметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үкімет отырысында Риддердегі жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шығарылып, «сары» аймаққа ауысқанын атап өтті.


Әкім биыл 6,4 млрд теңгеге екі қазандықты жаңғырту, қосалқы жабдықты жаңарту мен 6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жүргізілетінін айтты. Бұл тозу деңгейін тағы 3%-ға төмендетеді.