Ресейлік әйел қазақстандықтарға аутизмі бар баласына жылы қарағаны үшін алғысын айтты

Pexels фото на taspanews.kz от 24 июня 2025 17:36
Фото: Pexels

Мәскеу тұрғыны Диана Шымкенттегі туыстарына қонаққа келіп, жылы сезімге толы әсерімен бөлісті. Оның ұлы Леша – аутизм және сенсорно-моторлық алалия диагнозы бар жасөспірім алғаш рет өз бетімен дүкенге барды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Бұл отбасы үшін өте маңызды сәт, себебі Мәскеуде, әйелдің айтуынша, бала ересектердің сүйемелдеуінсіз көшеге шықпайды.


Анасы қазақстандықтарға дамуында ерекшелігі бар балаға ерекше ізгі қарым-қатынас көрсеткендері үшін алғыс айтты. Бала мұнда тыныштық пен қауіпсіздік сезінетінін жеткізді.


Следите за новостями Taspanews