Ресей шекарасындағы көлік кептелісіне жол жөндеу жұмыстары себеп болған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 19:08
Фото: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Жайсан» автомобиль өткізу пунктіндегі көліктердің жиналып қалуы cargoruqsat электронды кезек жүйесімен байланысты емес екенін айтты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Негізгі себеп – 2025 жылы 13 мамырда басталған «Жайсан» автомобиль өткізу пункті алдындағы «Самара – Шымкент» республикалық тасжолы учаскесіндегі уақытша жол жұмыстары. Аталған жұмыстар 7 маусымда аяқталады.


«Жөндеу шеңберінде көлік қозғалысы уақытша бағдаршам мен құрылыс шлагбаумын қолданумен шектеледі, бұл жолдың өткізу мүмкіндігін төмендетеді. Ресей тарапынан «Сагарчин» өткізу пунктінде тек екі жолақ жұмыс істейді, ал Қазақстан тарапынан "Жайсан" өткізу пунктінде төрт жолақ жұмыс істейді. Бұл өткізу мүмкіндігінің теңгерімсіздігін тудырады және кезектің пайда болуына ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews