Ресей мен Украина: келіссөздер Ватиканда болады ма?

Фото: Shutterstock

АҚШ пен Еуропа елдерінің басшылары Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді Ватиканда өткізуге үміт артып отыр. Еуропалық және америкалық дипломаттар Ватиканды қақтығысты реттеу үшін бейтарап делдал ретінде қарастырады. Алайда Ресей тарапы бұл идеяға сақтықпен қарап, Ватиканда диалог өткізуге дайын екенін растамады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Bloomberg дерегіне сілтеме жасап.


Ресей келіссөздердің Стамбұлда өткенін қалайды


Ресей үкіметіне жақын дереккөздердің мәліметінше, Кремль президент Владимир Путинді Ватиканға немесе басқа да еуропалық елдерге жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына Мәскеу Стамбұлдағы келіссөздерді жалғастыруды жөн көреді. Түркия – Ресей үшін бейбіт келіссөздерге қолайлы әрі сенімді алаң.


Кремль келіссөздерді Ватиканда өткізуді жоспарламаған


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ватиканда келіссөз жүргізу туралы нақты келісімдер жоқ екенін мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің бұлай шешім қабылдауының бірнеше себебі бар:


Италия – НАТО мүшесі және Халықаралық қылмыстық соттың қатысушысы. Бұл сот Украинадағы әскери қылмыстар үшін Путинжі тұтқынға алу туралы ордер берген.


Римге барса, Италия билігі Ресей президентін қамауға алуға міндетті болады.


Сонымен қатар, Ресей Православ шіркеуі мен Рим-католик шіркеуінің арасындағы қатынастар да күрделі. Бұл да Ватиканда келіссөз өткізуге кедергі.


АҚШ пен Еуропа Украинаны қолдайды


Америкалық шенеуніктер Украинамен тұрақты байланыста және Ресей тарапын келіссөздерге тартуға тырысуда. Дегенмен олар келіссөздерге «қатаң ұстанымдағы» өкілдердің қатысуын қаламайды, мысалы – бұрынғы делегация жетекшісі Владимир Мединский.