Ресей Елшілігі қазақстандықтарға елге кіру туралы жаңа ережелер туралы түсініктеме берді:

Фото: Pexels

2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресей Федерациясында шекараны кесіп өту ережелерібойынша жаңа тәжірибе енгізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап. 


Шетел азаматтарынан ruID қосымшасы арқылы елге кіру туралы алдын ала өтініш беру сұралады.


Алайда Қазақстан азаматтары үшін бұл міндетті емес – Ресеймен визасыз режим бұрынғы қалпында сақталады. Аталған шара тек ерікті түрде жүзеге асырылады. Дегенмен, ruID-да тіркелу онлайн мемлекеттік қызметтерге, ресейлік SIM-картағақолжетімділікті қамтамасыз етіп, төлем жасауды жеңілдетеді.