Райымбек даңғылында кешенді реконструкциялау басталады

P фото на taspanews.kz от 21 апреля 2025 14:40
Фото: Pexels

Алматы қаласы, Райымбек даңғылында 23 сәуірден бастап BRT желісінің құрылысы басталмақ. Ғимараттардың қасбетінен бастап жаяу жүргіншілер жолы толықтай жаңартылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Жоба бойынша 3 аумақ қамтылады:


Пушкин көшесі — Сейфуллин даңғылы;


Сейфуллин даңғылы — Ахрименко көшесі;


Ахрименко көшесі — Алтын Орда көшесі.


Маусым айына дейін — арық жүйесі, аялдамаларды монтаждау мен инженерлік желілерді көшіру жұмыстары жүргізіледі. Көлік қозғалысы кей жерлерде шектеледі.


Маусым айынан кейін асфальт төселіп, жол белгілерін сызылып, тротуарлар, веложолақтар жаңартылады. Аталған жұмыстар 2025 жылдың соңында аяқталады.


"Қозғалыс сақталады, жабылған жерлерде реверсивті қозғалыс енгізіледі. Жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз бағыттар, қоғамдық көлікке арналған уақытша аялдамалар ұйымдастырылады", – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews