Рахман қайнарына апаратын жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: Pexels
Республикалық маңызы бар «Өскемен – Рахман қайнары» тас жолының 56-72 және 72-88 шақырымдарында жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚазАвтоЖол сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысы аясында жолдың осін қалпына келтіру, құнарлы топырақ қабатын алу, жер төсемін төсеу мен айналма жол салу кезеңдері аяқталды.
Ендігі кезекте жер төсемін қалыптастыру мен арықтарды салу жүзеге асырылуда.