Пришахтинскіде мотоцикл мінген 16 жастағы қыз жол апатына ұшырады

Фото: YouTube

11 мамыр күні кешке Пришахтинск қаласындағы Зелинский көшесінде жол апаты болды – екі азамат мінген мотоцикл жеңіл көлікке соғылды. Мотоцикл тізгінінде 16 жастағы қыз болған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.


Полиция мәліметіне сай, шамамен кешкі жеті шамасында Enduro маркалы мотоцикл мен Volkswagen Passat автокөлігі соқтығысқан.


«Жол апатының нақты қалай болғаны әзірге анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат болған көше – қозғалысы тығыз, өте белсенді учаске.


Полиция еске салады: мотоциклді тек 18 жастан бастап және «А» санатындағы жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана басқара алады.