Президент көшелерді қызметте қайтыс болған полицейлердің есімімен атауды ұсынды

Фото: Pexels
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құқық қоргау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде қызмет бабында қайтыс болған құқық қорғаушылардың есімін мекемелік наградаларға, көшелер мен қорғау мекемелеріне беруді ұсынды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мұндай тәжірибе бұрыннан қолданылатынын айтты. Тараздағы орталық көшелердің бірі, оқу-жаттығу полигоны лаңкесті ұстау барысында қаза тапқан Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың атымен аталатынын еске түсірді.
Сол сияқты, өрт сөндіруде қаза тапқан Асқар Забикулин де ел есінде. Оның есімі Өрт сөндіру бөліміне және сол бөлім орналасқан көшеге берілген.
«Мұндай қасиеттер адамға, ең алдымен, отбасындағы тәрбие арқылы беріледі. Құқық қорғау саласында ата-анасының жолын қуып, отбасы дәстүрін жалғастырып жүрген қызметкерлер аз емес. Қазір біз үш атадан бері тәртіп сақшысы болған Зайнулиндер әулетінің өкілдерін марапаттаймыз. Мен бүгін барша құқық қорғау жүйесінің ардагерлеріне зор алғыс айтамын»,