Президент қайраткерлерге «Отан» және «Барыс» ордендерін табыстады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Равиль Шырдабаевты егемендік алғанннан кейін мұнай-газ саласын өркендетуге қосқан үлесі үшін, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еткені үшін және дипломатия саласындағы еңбегі үшін құрметтейтінін атап өтті.
Серік Тоқпанов туралы Президент оның елу жылдан асқан хирург ретіндегі еңбегін айырықша атады. Аса күрделі оталар жасап, медицинаға үлес қосқан қайраткердің мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалғаны белгілі.