Президент ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллиннің жұбайын марапаттады

anelya_zn фото на taspanews.kz от 24 июня 2025 10:05
Фото: anelya_zn

2022 жылғы 16 қарашада Астанадағы 15 қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде Асқар Забикуллин үш адамды құтқарып қалды, алайда өзі қатты күйік алған. 20 қарашада көз жұмған батырдың әйелі Президент тарапымен марапатталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды. Асқардың жұбайы – Әнел Забикуллина Ақордаға шақырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған алғыс айтты.


Айта кетсек, өрт сөндіруші көрсеткен ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Оның есімі мәңгі есте қалды – Астанада оның атына көше беріліп, ескерткіш пен өрт сөндіру бөлімшесі ашылды.


Instagram
anelya_zn
Следите за новостями Taspanews