Президент ЕАЭО Жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысына қатысты

Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысына қатысты,- деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңес отырысы Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда өтті. Кездесудің негізгі тақырыптары – ЕАЭО елдерінің экономикаларын бірлесіп дамыту, интеграция, алдағы жоспарлар мен мүмкіндіктер.
Шағын құрамдағы жиынға Қазақстан Президентімен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қатысты.