Перизат Қайратқа қатысты іс сотқа жіберілді
Фото: Instagram/01pk
Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына қарауға жіберілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Бас прокуратураның мәліметіне сай, аталған тұлғалар мүгедек балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге көмек көрсету сылтауымен азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырды деп айыпталуда.