Педагогтердің білімін бағалау шілде айында өтпейді

Pexels фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 10:53
Фото: Pexels

Ұлттық тестілеу орталығы Педагогтердің білімін бағалауды өткізу туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҰТО сілтеме жасап.


Ұлттық тестілеу орталығы Педагогтердің білімін бағалауды өткізу күндерін көру кезінде ресми ақпаратты – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу оталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жариялан жарияланымдарды басшылыққа алу керегін ескертті. Қолданыстағы бұйрықта ПББ өткізу шілдеде көзделмегені мәлімденді.


Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау Ұлттық тестілеу оталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы тегін және онлайн түрде ғана жүзеге асатыны еске түсірілді.


«Сақ болыңыздар! Желіде таратылып жүрген тестілеуді тапсыруға көмектесу туралы хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер және алдаудың құрбаны болмаңыздар», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews