«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды

Pexels фото на taspanews.kz от 03 июня 2025 09:28
Фото: Pexels

ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтарға арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары қатыса алады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өткізілетін Педагогикалық шеберлік халықаралық байқауына қатыса алады. Байқау аттестацияға да әсер етеді.


Өтініштер 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Байқау шарттары ppi.orleu.edu.kz таныстырылған. Сонымен қатар, министрлік өтінішті қалай беру керегі жайлы ақпараттық материал дайындады: 


Следите за новостями Taspanews