Павлодарда көпқабатты үйдің бірінде бірден 4 балкон жанған

Фото: Pexels
Павлодар қаласы, С. Торайғыров көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде бірден 4 балкон жанған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Тұрғын үйден 162 адам эвакуацияланды. Оның 65-і – балалар. Өздігімен 54 адам сыртқа шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.
ТЖМ өрт туралы хабарды 18:48-де берді. Ал сағат 19:14-те өрт толығымен сөндірілгені мәлімденді. Жалынның таралуына жол берілмеген.