Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жөндеуден өтеді

Фото: Pexels

Павлодар облысында 8-11 сәуір аралығында "Павлодар - Астана" автожолының Ертіс өзені арқылы өтетін көпіріндегі жол жабыны қалыпқа келтіріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы риверсивті қалыпта ұйымдастырылатын болады.


"Жүргізушілерді жол қауіпсіздік ережелері мен жылдамдық режимін сақтап, алдын ала сапарларыңызды жоспарлауды сұраймыз",  – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында