"Өзенмұнайгаз АҚ" Бұрғылау жұмыстары басқармасы жұмысшылары толқуды тоқтатты
Фото: Freepik
2024 жылы 5 желтоқсанда Өзенмұнайгаз АҚ "бұрғылау жұмыстары басқармасы" жұмысшылары толықтай жұмысқа шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазМұнайГаз ақпаратына сілтеме жасап.
Келіссөздер нәтижесінде бірнеше шешімге қол жеткізілді: Рұқсатсыз акция тоқтатылды.
МГ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары жұмыс орындарына толық оралды;Түсіндіру мен талқылауды талап ететін мәселелер бітімгерлік комиссия отырысында заңға сәйкес құқықтық нормалар шеңберінде қаралатын болады”, –
Еске салсақ, 12 қарашада Өзенмұнайгаз АҚ "бұрғылау жұмыстары басқармасы" жұмысшылары басшылыққа бірқатар талаптар қойып, наразылық көрсетті. Наразылықтарды тудырған мәселелерге тұрақты жұмыспен қамту, жалақыны көтеру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, соның ішінде зейнеткерлердің балалары мен еңбек қабілеттігін жоғалтқан қызметкерлерге жұмыс орындарын ұсыну туралы талаптар жатты.