Өзбекстандық әуе компания «Ташкент-Алматы» бағыты бойынша рейстер орындай бастайды

Фото: Pexels

2025 жылы 5 мамырдан бастан Өзбекстан Республикасының «My Freighter» әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді тұрақты түрде орындай бастайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі мен бейсенбі күндері жүргізілетін болады.


Содан соң, 6 маусымнан бастап жұма күнгі жаңа рейс қосылады.


«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.