Отбасыға орналасудың жаңа түрі – "Кәсіби қабылдаушы отбасы" енгізіледі

2025 жылы 30 мамырда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде елде балаларды орналастырудың жаңа түрі енгізілетінін айтылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Уақытша шара балаларды қауіпсіз ортада орналастыруға бағытталған. Балалар анықталған бойда бірден интернатқа емес, отбасыларға жіберіледі.
Кәсіби қабылдаушы отбасы 4 балаға дейін қабылдай алады. Бала отбасыда 6 айға дейін тұра алады. Бұл отбасыларға жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қараусыз қалған, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар орналастырылады. Қабылдаушы отбасы арнайы психологиялық дайындықтан өтеді.
"Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады. Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған", – делінген ресми хабарламада.