Отандық өндіріс кей салаларда импортты алмастырады

 Pexels фото на taspanews.kz от 03 июня 2025 10:58
Фото: Pexels

2025 жылы 3 маусым күні ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанда металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібі өнімінің үлесі артып келетіні айтылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.


Бұл импортты қысқартуға әкелуі мүмкін. Тауарлардың ел ішінде өндірілуі импорттық өнімдерді алмастырады.


Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мұндай кәсіпорындарды қолдауда реттелетін сатып алулар маңызын атап өтті. 5 жыл ішінде мемлекеттік органдар тауар өндірушілермен 96 мыңнан астам келісімшартқа қол қойды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары көрсеткіш


«Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілді.  – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews