Өскемендік компания өзенге ағып кеткен баланы құтқарған студенттің оқу ақысын төлеп береді

ШҚО әкімдігі фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 10:15
Фото: ШҚО әкімдігі

Өскемен қаласындағы AN Groups компаниясы Үлбі өзеніне батуға сәл қалған баланы құтқарып қалған студенттің оқу ақысын төлеп береді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Қазақстан-Америка еркін университетінің студенті Ерасыл Омарханов 2025 жылы 13 мамыр күні 5 жасар баланы құтқарып қалады. Жас жігіттің ерлігіне алғыс білдірген компания оған қол ұшын ұсынды.


Компания осыған дейін де әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерге, ардагерлер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тұрақты түрде қолдау көрсеткен.


«AN Groups-тың бұл бастамасы – өзге кәсіпкерлерге үлгі боларлық іс»,   – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Следите за новостями Taspanews