Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» атты велошеру басталды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

2025 жылы 26 мамыр күні Өскемен қаласы, Тәуелсіздік монументі жанында «Алтайдан Оралға» дейін республикалық велошерудің салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Велошеруге 236 шабандоз бен Өскемен қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда.


Велошерудің маршруты Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын құрайды. Іс-шараның аяқталуы 8 маусымға жоспарланды.


«Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды», – делінегн ресми хабарламада