Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үй өртенді

Фото: Pexels
Өскемен қаласы, Беспалов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт салдарынан кіреберіс түтінге толып кетті. Ал жоғарғы қабаттағы тұрғындар пәтерлерден шыға алмады.
Баспалдақ арқылы 2 адам құтқарылды, 30 тұрғын сыртқа шығарылды.
Өрт шағын ауданда сөндірілді. Таралуына жол бермеді.