Оралда жалған турагент бас бостандығынан айырылды

Фото: Freepik
Оралда алаяқтықпен айналысып, турагент қызмет көрсету бойынша жалған көмек ұсынған адам ұсталған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны анасын жеке кәсіпкер етіп тіркеп, жалған туристік қызмет ұйымдастырған.
Бизнесін заңды етіп көрсетіп, әлеуметтік желіге жарнама орналастырып келгені белгілі. Адамдармен ресми келісімшарт жасап, фискалды чектер берген.
Нәтижесінде, алаяқтыққа ұшыраған 15-тен астам адам 25 млн теңгеден астам ақша жоғалтты.
Сот шешімі бойынша ол туризм саласындағы қызметпен 7 жыл мерзім айналыса алмайтын болады және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.