Оралда құрылысы аяқталмаған үйден ірі ағаш адам үстіне құлап кеткен
Фото: Pexels
Орал қаласы, Деркөл ауылындағы қараусыз қалған тұрғын үйдегі ірі ағаш адам үстіне құлап кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
1998 жылғы азаматтың аяғы сынған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оны ағаш астынан шығарып, аяғын медициналық шинамен бекітті. Зардап шеккен адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.