Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған топ ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК

2025 жылы 10 маусым күні Орал қаласында кәсіпкерлерден ақша бопсалау бойынша күдікті атанған топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


8 қазақстандық ұсталып, екеуі қамауға алынды. Тінту барысында қомақты қаражат пен заттай дәлелдемелер тәркіленді.


Қылмыстық кодекстің 94-бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.