Орал – Маңғыстау бағыты бойынша пойызға әйелдер вагоны қосылды

ҚТЖ фото на taspanews.kz от 28 апреля 2025 11:23
Фото: ҚТЖ

2025 жылдың 1 маусымынан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағыты бойынша пойызда әйелдер вагоны іске қосылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚТЖ сілтеме жасап.


Әйелдер вагонына билеттер тек әйел адамдарға сатылады. Өздерімен бірге 7 жасқа дейін ұл балаларды алып кіру қарастырылған. Одан бөлек, жолаушыларға арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.


Билеттерді вокзал кассасында немесе bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Қажетті билетті таңдау үшін "ӘВ" батырмасын таңдау қажет.


«Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттар саны осымен 12-ге жетеді. Қызмет көрсетілетін жол бағыттары:№77/78 «Алматы – Маңғыстау»; №351/352 «Алматы – Маңғыстау»; №45/46 «Павлодар – Түркістан»; №37/38 «Маңғыстау – Семей»; №47/48 «Атырау – Астана»; №33/34 «Ақтөбе – Алматы»; №4/3 «Астана – Алматы»; №71/72 «Астана – Шымкент»; №354/353 «Астана – Семей»; №24/23 «Ақтөбе – Алматы»; №25/26 «Алматы – Шымкент»; №614/613 «Орал – Маңғыстау», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews